Accessibility links

Пәкістан Ресейдің коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын мақұлдады


Сабақ алдында оқушылардың дене қызуын өлшеп жатқан мұғалім. Лахор қаласы, 18 қаңтар 2021 жыл.
Сабақ алдында оқушылардың дене қызуын өлшеп жатқан мұғалім. Лахор қаласы, 18 қаңтар 2021 жыл.

Пәкістан коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын мақұлдады. Елде бұған дейін AstraZeneca компаниясы мен Оксфорд университетінің бірігіп әзірлеген және Қытайдың мемлекеттік Sinopharm компаниясы дайындаған вакцина мақұлданған.

Халық саны жағынан әлемде бесінші орында тұрған Пәкістанда 11 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған, бақылаушылар науқастар саны ресми деректен әлдеқайдан көп болуы мүмкін дейді.

"Спутник V" вакцинасы сынақ кезеңдерін толық аяқтамаған. Оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі мақұлдаған жоқ. Бірақ соған қарамастан оны әзірлеген компания сайтында вакцинаны Беларусь, Сербия, Аргентина, Боливия, Алжир, Палестина пайдаланып отыр деп жазылған.

Өткен аптада Қазақстан билігі де 1 ақпаннан бастап халыққа ресейлік вакцина жаппай егіле бастайтынын хабарлаған. Ресей вакцинаны алдағы уақытта тағы 10 мемлекет мақұлдайды деп отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG