Accessibility links

Коронавирус пен пневмонияға шалдыққандар 850 адамға көбейді, 11 науқас қайтыс болды


Жедел жәрдем көлігі.
Жедел жәрдем көлігі.

Қазақстанда тағы 804 адамға коронавирус жұққаны белгілі болды. Олардың ПТР тесті оң шыққан. Тағы 46 адам коронавирус пневмониясына (ПТР тесті теріс шыққан, клиникалық белгілер бойынша Covid диагнозы қойылғандар) шалдыққан. 11 адам өлімі тіркелген: 6 адам - коронавирустан, 5 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған деп айтылады.

Сәрсенбі күні Алматыда ПТР тесті оң шыққан - 121 науқас, Павлодар облысында - 81, Ақмола облысында - 51, Нұр-Сұлтанда - 84, Батыс Қазақстан облысында - 72, Қостанай облысында - 61, Алматы облысында - 64, Шығыс Қазақстан облысында - 34, Қарағанды облысында - 54, Атырау облысында - 21, Солтүстік Қазақстан облысында - 39, Қызылорда облысында - 10, Шымкентте - 52, Ақтөбеде - 23, Маңғыстау облысында - 10, Жамбыл облысында - 15, Түркістан облысында 12 науқас тіркелген.

2020 жылдың наурыз айынан бері 215 610 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Сол уақыттан бері 2 783 адам қайтыс болған. 199 600 адам жазылған.

Қазақстан билігі пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрін 2020 жылдың 1 тамызынан бері есепке ала бастаған. Оған дейін қанша адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны белгісіз. Содан бері 49 418 адам осы ауруға шалдыққан. 42 957 адам жазылған. 635 адам қайтыс болған.

Қазір 19 053 адам коронавирустан емделіп жатыр. 13 227-інің коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткен. 237 адамның жағдайы ауыр, 45 пациенттің жағдайы өте ауыр. 51 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 115 млн 128 мыңнан асты. 65 млн 99 мың адам жазылған. 2 млн 558 мың науқас қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG