Accessibility links

Бір жыл бұрын ДДСҰ коронавирустың таралуын "пандемия" деп атаған


Гирокастра көшелерімен кетіп бара жатқан адамдар. Албания, 5 ақпан 2021 жыл. Туризм саласы пандемиядан ең қатты зардап шеккен салалардың бірі.
Гирокастра көшелерімен кетіп бара жатқан адамдар. Албания, 5 ақпан 2021 жыл. Туризм саласы пандемиядан ең қатты зардап шеккен салалардың бірі.

Бір жыл бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жылдам жайылып бара жатқанын мәлімдеп, оны ғаламдық пандемия деп атаған. Оған дейін әлем елдеріне үш ай бойы Қытайда анықталған "белгісіз вирус" жайлы ақпарат түсе бастаған.

ДДСҰ-ның пандемия туралы мәлімдемесінен кейін көптеген елде кәсіпорындар тоқтап, миллиардтаған адамның өміріне әсер еткен шектеу шаралары күшіне енді.

"Алдағы күндері, апталарда коронавирус жұқққандар мен одан қайтыс болғандар саны арта түседі. Біз ешқашан коронавирус пандемиясын бастан кешіріп көрген емеспіз және ауыздықтауға болатын пандемияны да көрген емеспіз" деп мәлімдеген еді сол кезде ДДСҰ басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, ғаламдық пандемия 2,6 млн адамның өліміне себепкер болған, 118 млн адамға коронавирус инфекциясы жұққан. Вирус жұқтырғандар саны ресми деректен әлдеқайда көп деп айтылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG