Ресейлік "Новая газета" басылымы редакцияның Мәскеудегі кеңсесінің "химиялық шабуылға" ұшырағанын мәлімдеді. Басылымның Потапов көшесіндегі кеңсесінің алдына белгісіз біреулер иісі кетпейтін химиялық зат төгіп кеткен.
Тілшілердің ешқайсысы зардап шекпеген. Төтенше қызмет өкілдеріне сүйенген РИА "Новости" агенттігі ғимараттағы зиянды заттар мөлшері қалыпты деңгейден аспағанын хабарлады.
Редакция өкілдерінің айтуынша, химиялық қосындының иісі 2017 жылы жазда газеттің тілшісі Юлия Латынинаның үйі мен көлігіне шабуыл жасалған кезде төгілген заттың иісіне ұқсайды. Латынина сол кезде оның күйдіргіш газ екенін айтқан. Басылымның тапсырысы бойынша жүргізілген тәуелсіз сараптама журналистің үйі мен көлігіне төгілген заттың аса улы екенін және адам өміріне өте қауіпті екенін анықтаған.
ПІКІРЛЕР