Accessibility links

Оралда бұрынғы әйелін өлтірді деп күдікке ілінген ер адам қамауға алынды


Қылмыстық істер жөніндегі қалалық сот. Орал, 22 сәуір 2021 жыл.
Қылмыстық істер жөніндегі қалалық сот. Орал, 22 сәуір 2021 жыл.

Орал қаласының тергеу соты 22 сәуірде тергеу органдарының бұрынғы әйелін өлтірді деп күдікке ілінген ер адамды қамауға алу туралы өтінішін қанағаттандырды. Қалалық әкімдіктің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы қызметкері, 30 жастағы Б.Х. есімді ер адамға бұлтартпас жазасын қолдану туралы қаулыны бейсенбі күні судья Раушан Исмаилова шығарды.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам бұрынғы әйеліне 18 жерден пышақ ұрды деген күдікке ілінген, әйел алған жарақаттан қайтыс болған. Іс "Адам өлтіру" (Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі) бабы бойынша тергеліп жатыр. Полиция болжамынша, ер адамның қол жұмсауына қызғаныш түрткі болуы мүмкін.

Департамент мәліметінше, бұрын әйел полицияға күйеуінің әрекеті жайлы шағымданған. Кейінірек шағымын қайтарып алған.

БҰҰ есебінше, жыл сайын Қазақстанда шамамен 400 әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмады.

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасының шешілмей келе жатқанын айтады.

8 наурызда Алматыда әйел құқығына байланысты ірі шеру өтті, оған қатысқандар гендерлік теңдік, отбасындағы зорлық-зомбылық, әйелдердің білім алуы, жұмыс істеуі кезінде ұшырасатын қиындықтар туралы айтты. Әлеуметтік желіде шеруді қаралағандар да табылды, акцияға қатысқандардың кейбірі қоқан-лоқыға ұшыраған.

Деректі фильм: Qyzdar. Қазақстандағы теңдік үшін күрес (21 сәуір 2021 жыл).

Qyzdar. Қазақстандағы теңдік үшін күрес
please wait

No media source currently available

0:00 0:24:00 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG