Accessibility links

3 мыңға жуық адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 27 адам қайтыс болды


Базарда орналасқан коронавирусқа қарсы екпе пункттерінің бірі. Алматы, 14 сәуір 2021 жыл.
Базарда орналасқан коронавирусқа қарсы екпе пункттерінің бірі. Алматы, 14 сәуір 2021 жыл.

23 сәуірде Қазақстанда 2837 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. (Бұл мәліметке коронавирус тесті оң шыққан науқастар ғана кіріп отыр).

Жұма күні Алматыда – 694, Нұр-Сұлтанда 547 адамнан коронавирус анықталған. Қарағанды облысында – 234, Ақтөбе облысында – 139, Алматы облысында 205 науқас, Атырау облысында – 128, Батыс Қазақстан облысында – 172, Шымкентте – 110, Ақмола облысында – 147 адамның анализінен коронавирус табылған. Қалған облыстарда бір күнде ондаған науқас тіркелген.

2020 жылдың наурыз айынан бері 303 570 адамның коронавирус тесті оң шыққан.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бейсенбі күні 93 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 23 адам – коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.

2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмонияға шалдыққандар 52 348-ге жеткен. 51 мыңы жазылған. 768 адам өлімі тіркелген.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа ұқсас пневмония есебін 2020 жылдың 2 тамызынан бастап жариялай бастаған. Есепті жүргізуге халықаралық ұйымдардың қысымы түрткі болды. Коронавирус пневмониясы былтыр жаздың алғашқы екі айында қатты өршігеніне қарамастан жалпы статистикаға маусым мен шілде айларының мәліметі кірмеген.

2020 жылдың наурыз айынан бері коронавирус тесті оң шыққандар арасында 3535 адам өлімі тіркелген. Оған арнайы комиссия "Covid-тен емес, басқа аурудан қайтыс болды" делінген мыңнан астам адам өлімі енбеген.

Көптеген сарапшылар коронавирус жұққандар мен одан қайтыс болғандар ресми мәліметте көрсетілген деректен әлдеқайда көп деп санайды. Қазақстанда былтыр алдыңғы жылдармен салыстырғанда адам өлімі көп болған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, былтыр 11 айда елде 149 мыңнан астам адам қайтыс болған. Бұл 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 22 пайызға (27 мың адам) көп.

Соңғы күндері коронавирусқа шалдыққандар бойынша рекордтық көрсеткіштер тіркеліп жатыр. Қазір он облыс пен қала "қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Ақмола, Маңғыстау облыстары, Шымкент қаласы. Алматы облысы, Павлодар, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстары "сары аймақта". "Жасыл аймақта" Түркістан, Солтүстік Қазақстан облысы ғана қалған.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, әлемде 145 млн адам коронавирусқа шалдыққан, үш миллионнан астамы қайтыс болған.

Қарай отырыңыз: Қазақстан үшінші сынағы аяқталмаған QazVac екпесін жаппай салуды бастамақ (23 сәуір 2021 жыл).

Қазақстан үшінші сынағы аяқталмаған QazVac екпесін жаппай салуды бастамақ
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:36 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG