Accessibility links

Covid: 2676 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 37 адам қайтыс болды


Жедел жәрдем көлігі.
Жедел жәрдем көлігі.

Өткен тәулікте Қазақстанда 2549 адамнан коронавирус анықталды. Екі күн бұрын 127 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Сол күні 37 адам қайтыс болған: 33 адам – коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды деп айтылады.

Бейсенбі күні Алматыда 557 адамнан коронавирус анықталған. Бұл республика бойынша бір күнде тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Нұр-Сұлтанда – 452, Шымкентте – 125, Ақмола облысында – 130, Ақтөбе облысында – 102, Алматы облысында – 222, Атырау облысында – 75, Шығыс Қазақстан облысында – 102, Жамбыл облысында – 34, Батыс Қазақстан облысында – 123, Қарағанды облысында – 27, Қостанай облысында – 27, Қызылорда облысында – 31, Маңғыстау облысында – 46, Павлодар облысында – 102, Солтүстік Қазақстан облысында – 25, Түркістан облысында 48 адамның анализінен Covid анықталған.

2020 жылдың наурыз айынан бері Қазақстанда 353 140 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 4017-і қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігі пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрін (коронавирус пневмониясы) 1 тамыздан бері есепке алып келеді. Оған дейін қанша адамның коронавирус пневмониямен ауырғаны белгісіз. Содан бері 53 884 адамға коронавирус пневониясы жұққан. 851-і содан қайтыс болды деп айтылады.

Қазір 39 472 адам коронавирустан емделіп жатыр. 39 мыңға жуығының ПТР-тесті оң көрсеткен. 774 пациенттің жағдауы ауыр, 180 науқастың жағдайы тым мүшкіл. 110 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Елде 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны басталған. Бастапқыда екпе тек дәрігерлерге егілді. Қазір тұрғындарға жаппай салынып жатыр. 14 мамыр күнгі мәлімет бойынша 1 млн 790 мың адам вакцинаның кемінде бір дозасын алған. 722 мың адамға екі дозасы салынған. Қазақстандықтарға ресейлік Спутник V, елде әзірленген QazVac және қытайлық Sinopharm компаниясының БАӘ-де шығарылған вакцинасы салынып жатыр.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, індет басталғалы бері әлемде 160,8 млн адамға коронавирус жұққан. Шамамен 96 млн жазылған, 3,34 млн адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG