Accessibility links

Алматыда жедел жәрдем жүргізушілері наразылық білдірді


Бір топ жедел жәрдем қызметкері үстемақының кешіктірілуіне және қысымға шағымданды. Алматы, 19 мамыр 2021 жыл.
Бір топ жедел жәрдем қызметкері үстемақының кешіктірілуіне және қысымға шағымданды. Алматы, 19 мамыр 2021 жыл.

Алматыда бірнеше жедел жәрдем станциясында істейтін 20 шақты жүргізуші сәрсенбі күні "Халық паркі" алдына жиналып, наразылық білдірді. Олар үстемақының кешіктірілгеніне, көлікке қажет құрал-саймандар мен бөлшектерді өз қалтасынан ақша шығарып, сатып алатындығына шағымданды. Жұмысшылар сонымен бірге мәселені көтерген белсенділердің қудалауға ұшырай бастағанын да айтты.

– Біз үш жылдан бері осы жедел жәрдем көліктеріне бөлшек сатып алып келеміз. Біздің қолымызда чектер де бар. Кейбір жетекші бригадирлер қанша адамды қорқытып, "чектерді бермеңдер, болды қойыңдар" деген әңгіме жүріп жатыр. Май, фильтр бәрін сатып алып жатырмыз. Ал енді сол шындықты айтқан адамдарды жұмыстан шығарып жатыр. Мысалы, мені кеше жұмыстан заңсыз шығарды, – деді жедел жәрдем жүргізушісі Асхат Шәріпов.

Айтуынша, ол 21 сәуірде "коронавирус жұққандармен жақын араласқаны үшін" карантинге жіберілген. Бірақ өзі тіркелген поликлиника СЭС-ке мұны хабарламаған. Ақыры оның карантинге жіберілгені қағаз жүзінде расталмай, мекеме оны жиналысқа салып, 18 мамырда жұмыстан қуып жіберген.

19 мамырда жедел жәрдем қызметкерлері қала әкімдігіне де барып, бір жарым ай бұрын бөлшек сатып алу мәселесін шешуге байланысты комиссия құрған қала билігі өкілдерінен жауап алуға тырысты. Сәрсенбі күні әкімдік өкілдері оларды ішке кіргізуге тырысқанмен жұмысшылар қала әкімінің шығуын талап етіп, ішке кіруден бас тартты.

Көп ұзамай оқиға орнына жедел жәрдем қызметінің басшысы Ербол Сәрсенбаев келді. Ол Асхат Шәріповтың жұмыстан белсенділігі үшін қуылғанын жоққа шығарды.

– Бұл адам және тағы сегіз қызметкер коронавирусқа шалдыққан адаммен байланыста болғандықтан жұмыстан шеттетілген еді. Бірақ соған қарамастан ол карантин шектеулерін сақтамады, яғни сіз бен бізге вирус қаупін төндерді. Бұл бір. Екіншіден, "больничныйдан" шыққан соң ПТР тест тапсыруы керек еді, оны да жасаған жоқ, – деді ол Азаттық тілшісіне.

Бұдан соң наразыларды қалалық денсаулық басқармасы басшысы әкімдік ғимаратының ішінде кездесуге шақырып, жиналғандар сонда кетті. Журналистерді әдеттегідей кіргізбеді.

Қарай отырыңыз: Алматыда жедел жәрде қызметкерлері тағы наразылық білдірді (22 сәуір 2021 жыл).

Алматыда жедел жәрде қызметкерлері тағы наразылық білдірді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:49 0:00

Қазақстанда осыған дейін де бірнеше қалада медицина қызметкерлері үстемақы ала алмай отырғанын айтып шағымданған. Қазақстанда індет кезінде коронавируспен күрескен медицина қызметкерлеріне үш категория бойынша үстемақы төленген. Бірінші категорияға енген қызметкерлерге - 800 мың, екінші категорияға енгендерге - 400 мың, соңғы категорияға енген медицина қызметкерлеріне 200 мың теңгеден астам үстемақы төленді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG