Accessibility links

Германияда көшедегі жұртқа тап берген біреу үш кісіні пышақтап өлтірді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Германияның оңтүстігіндегі Бавария аймағының Вюрцбург қаласында пышақ ұстаған біреу көшеде кетіп бара жатқан адамдарға тап беріп, үш кісіні өлтіріп, бірнешеуін жаралаған.

130 мыңға жуық адам тұратын қаладағы қанды оқиға жұма күні түстен кейін болған.

Bild басылымының жазуынша, полиция күдіктіні аяғынан атып жаралап, тұтқындаған. Полиция Сомалиде туып-өскен 24 жастағы адамның ұсталғанын хабарлады. Көшедегі жұрт оған орындық лақтырып, тоқтатпақшы болған.

Әлеуметтік желіде тараған видеода қолына үлкен пышақ ұстап, бетіне масқа таққан жалаңаяқ ер адамның көшедегі ары-бері өтіп жатқан жұртқа ұмтылғаны көрінеді.

Күдіктінің мұндай іс-әрекетке не себептен барғаны әзірге белгісіз. Билік бұл адамның психиатриялық ем қабылдағанын, зомбылыққа бейім екенін хабарлаған. Полицияның дерегінше, күдікті бұрын сотталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG