Accessibility links

Чехияда белорус оппозициясының өкілдігі ашылады


Беларусьтегі саяси тұтқындарды қолдап, плакат ұстаған адамдар. Прага, маусым айы 2021 жыл.
Беларусьтегі саяси тұтқындарды қолдап, плакат ұстаған адамдар. Прага, маусым айы 2021 жыл.

Чехия Прагадан белорус оппозициясына арнап ресми кеңсе ашуға келісті. Александр Лукашенко режимі оппозиция өкілдерін өз елінде аяусыз қуғындап, қысым көрсетіп келеді.

"Белорус оппозициясы Чехиядан қолдау көрді және көреді" деп жазды Чехия сыртқы істер министрі Якуб Кульганек Twitter желісінде.

Бір апта бұрын оппозиция жетекшісі Светлана Тихановская Прагада болған. Литва мен Польшада да белорус оппозициясының өкілдіктері бар.

"Бұл 1920 жылдары демократ ресейшілдердің Праганы паналауын еске түсіреді" деп жазды қауіпсіздік саясат жөніндегі Еуропа құндылықтар орталығының директоры Якуб Янда Twitter-де.

2020 жылдың тамыз айындағы президент сайлауынан кейін саяси оппозиция мен тәуелсіз баспасөз өкілдерін аяусыз қудалаған Лукашенко режиміне халықаралық қауымдастық қысым көрсетіп келеді.

Беларусьте наразылар сайлау нәтижесі бұрмаланды және өздері ұсынған кандидат сайлауда көп дауыс алды деп санайды.

Еуроодақ және АҚШ, одан өзге елдер Беларусьтегі президент сайлауының ресми нәтижесін мойындаудан бас тартқан. Олар Лукашенконы ел басшысы деп санамайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG