Accessibility links

2 мыңға жуық науқас: Қырғызстанда бұрын-соңды болмаған коронавирус көрсеткіші тіркелді


29 маусымда Қырғызстанда коронавирус жұққан 1965 адам анықталды. Бұл бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш. Былтыр "қара шілде" деп аталып кеткен кезеңде бір күнде 1264 науқас тіркелген болатын. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Ел астанасы Бішкекте эпидемиологиялық жағдай ушыққан. Мұнда сейсенбі күні 1490 науқас тіркелген. Шу облысында – 111, Ош облысында - 94, Жалалабадта - 93, Баткен облысында - 73, Ош қаласында 45, Ыстықкөл облысында - 35, Нарында - 16, Талас облысында 8 адамнан коронавирус анықталған.

2020 жылдың наурыз айынан бері 125 003 адам коронавирус ауруына шалдыққан, 2000-ы қайтыс болған. Өткен тәулікте 8 адам көз жұмған.

Кейінгі апталарда Қырғызстанда коронавирус жұқтырғандар күрт артқан. Өткен аптада денсаулық сақтау министрлігі елде індеттің "үшінші толқыны" байқалғанын хабарлады.

Бішкек мэриясы күндізгі стационарларды ашу туралы шешім қабылдаған. Барлық ұйымдарға қызметкерлерінің 50 пайызын қашықтан көшіруге кеңес берген.

Үкімет коронавирус жұқтырған науқастарға қосымша орын әзірлеуді тапсырды. Бірақ соған қарамастан әзірге шектеу шараларын күшейткен жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG