Accessibility links

Індет өршіген Ташкентте Covid-орталықтар қайтадан ашылып жатыр


Өзбекстандағы Covid-орталықтардың бірі. Көрнекі сурет.
Өзбекстандағы Covid-орталықтардың бірі. Көрнекі сурет.

Өзбекстанда коронавирустың өршуіне байланысты ел астанасыда Сovid-орталықтар қайтадан ашылып жатыр.

Ташкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі жариялаған видеода астана басшысы Жахонгир Артикхожаевтың "Ешлик" спорт кешеніндагі Сovid-орталығына барғаны көрсетілді.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, осындай орталықтар "Өзэкспоорталық" кешенінде және "Өзниверсал" спорт кешенінде қайтадан ашылған. Бұл үш мекемеде жиынтығы 2000 науқасқа орын болады деп хабарланды.

Өзбекстанда covid-орталықтар былтыр қараша-желтоқсан айларында жабылған. Биыл сәуірде коронавирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты олардың кейбірі қайтадан ашылған болатын.

Өзбекстанда биыл маусым айының аяғында коронавирус жұқтырғандар қайта көбейді. Өткен аптада үкімет шенеуніктері елде коронавирустың аса қауіпті "Дельта" штамы тіркелгенін хабарлаған. Содан кейін республикалық арнайы комиссия 28 маусымнан бастап карантин шараларын күшейтті, ел астанасына сырттан келетіндерге шектеу қойылды.

33 млн халқы бар Өзбекстанда кейінгі кезде күніне 500-ге жуық науқас анықталып жүр. Коронавирус жұқтырғандар 110 мыңнан асты. 107 мыңнан астам адам дерттен жазылған. Індет кезінде 700-ден астам адам коронавирустан қайтыс болды деп айтылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG