Accessibility links

Денсаумин: Covid-ті екпе салдырғаннан кейін 3165 адам ғана жұқтырған


Қазақстан санитарлық-эпидемиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова орталық коммуникациялық қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 16 шілде 2021 жыл.
Қазақстан санитарлық-эпидемиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова орталық коммуникациялық қызметіндегі баспасөз мәслихатында. 16 шілде 2021 жыл.

Қазақстанда коронавирусты екпе салдырғаннан кейін жұқтырғандар саны 3165 адам. Бұл вакцина салдырғандардың 0,06 пайызын құрайды. Бұл туралы 16 шілде күнгі баспасөз мәслихатында санитарлық-эпидемиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

"Осы күнге дейін 4,8 миллионға жуық адам вакцина салдырса (кемі бір компонентін алған), соның 0,06 пайызы ғана коронавирус жұқтырған" деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметіндегі жиында.

Шенеуніктің сөзінше, 1684 адам вирусты екпенің бірінші компонентін алғаннан кейін, 1481 адам толық вакциналанғаннан кейін жұқтырған.

Вакциналар бойынша көрсеткіш келесідей:

  • "Спутник V" – 2791
  • Hayat-Vax – 293
  • QazVac – 59
  • CoronaVac – 18

Есмағамбетова 0,06 пайыз қатынасы барлық вакцина бойынша бірдей екенін айтты.

"Вирусты екпе салдырғаннан кейін жұқтырғандар санының төмен болуы вакцинаның тиімді екенін дәлелдейді. 3165 дегенде мұнда бірінші компоненттен кейін ауырғандар да бар. Ал бірінші компоненттен кейін иммунитет толық қалыптаспайды. Тіпті екінші компоненттен кейін де бір ай күту керек" деді ол.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG