Accessibility links

Түркия прокуроры Орхан Инандыға 22,5 жыл түрме жазасын сұрады


Анкара прокуратурасы Қырғызстандағы "Сапат" білім беру мекемелерінің негізін қалаушы Орхан Инандыны 15 жылдан 22,5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы "Анадолу" ақпарат агенттігі хабарлады.

Басылым мәліметі бойынша, Инанды "қарулы террорлық ұйым басқаруға" айыпталып, прокуратура айыптау қорытындысын сотқа тапсырған.

Инанды көп жылдан бері Қырғызстанда тұрып, 2012 жылы азаматтық алған. Ол биыл 1 маусымда Бішкекте жоғалып кеткен. 5 шілдеде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған арнайы қызмет өкілдерінің оны Анкараға алып келгенін мойындады.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Орхан Инандыны қайтаруды Анкарадан талап ететінін мәлімдеген. Ал Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев Орхан Инанды қырғыз азаматтығын алған кезде, түрік азаматтығынан бас тартпағанын жеткізген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG