Accessibility links

Сот бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты үйқамақта қалдырды


Елжан Біртанов.
Елжан Біртанов.

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақтан босату туралы өтінішін қанағаттандырмады. Бұл туралы Vlast сайты жазды.

Судья Элеонора Онғарсынова "қылмыстық іс материалдарымен танысқанша Біртановты үйқамақта екі айға қалдыру туралы" тергеу сотының шешімін өзгеріссіз қалдырған.

14 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Біртановтың үйқамақ мерзімін 14 қыркүйекке дейін созған.

7 шілдеде Елжан Біртанов ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталған еді. Прокуратура мәліметінше, Біртанов жемқорлық бабы бойынша күдікке ілінген. Айыптау тарабы оның әрекетінің салдарынан мемлекетке 1,5 млрд теңге шығын келді деп санайды.

Біртанов тағылған айыптармен келіспейді.

Елжан Біртанов 2017 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың маусымның соңына дейін денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған. Ол коронавируспен ауырғандар саны күрт көбейіп, ауруханаларда орын жетпей қалған тұста отставкаға кеткен. Оның орнына Алексей Цой қызметке келді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG