Accessibility links

Байден: Кибершабуылдар "қызу соғысқа" итермелеуі мүмкін


Арнайы барлау қызметі өкілдерінің алдында сөйлеп тұрған Джо Байден. Вашингтон, 27 шілде 2021 жыл.
Арнайы барлау қызметі өкілдерінің алдында сөйлеп тұрған Джо Байден. Вашингтон, 27 шілде 2021 жыл.

АҚШ президенті Джо Байден кибершабуылдар "қызу соғысқа" итермелеуі мүмкін деп ескертеді.

27 шілдеде Америка барлау қызметі өкілдерімен кездесу кезінде сөйлеген Джо Байден егер ірі державалар арасында шынайы соғыс туындаса, оған "ауыр кибершабуылдар түрткі болуы мүмкін" деп мәлімдеді.

АҚШ президентінің айтуынша, Американың мемлекеттік мекемелері және жеке компанияларына қарсы бағытталған кибершабуылдардың басым бөлігі Ресей мен Қытайдан келген. Президент сонымен бірге Ресейді Американың сайлау процесіне килікті деп айыптады.

"2022 жылғы сайлауға байланысты дезинформация [таратып отырған] Ресейдің не істеп отырғанын қараңыздаршы. Бұл біздің егемендігімізге таза қол сұғу" деді ол.

Байден кибершабуылдар "қызу соғысқа" итермелейді деп ескерткен алғашқы Америка президенті емес. Бұған дейін Барак Обама мен Дональд Трамп та АҚШ ерекше қауіпті кибершабуылдарға жауап беру үшін әскери операцияларға жүгінуі мүмкін деп мәлімдеген.

Маусым айында Джо Байден мен Владимир Путиннің кездесуі кезінде Байден Путиннен кибершабуылдарды тыю үшін көбірек күш салуды талап еткен. Сарапшылардың пікірінше, Байден мәлімдемесі Ақ үй кибершабуылдарға қатаң түрде жауап беруге дайын екенін дәлелдей түседі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG