Accessibility links

Қырғыз-тәжік шекарасының даулы бөлігінің 40 шақырымы шешілді


Қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжал кезінде өртенген үйлердің бірі. Баткен облысы, Қырғызстан. 2021 жыл.
Қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжал кезінде өртенген үйлердің бірі. Баткен облысы, Қырғызстан. 2021 жыл.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы даулы аумақтың 40 шақырымы мақұлданды. Бұл туралы 29 шілдеде Жогорку Кеңештің отырысында шекараны делимитациялау және демаркациялау бойынша үкімет комиссияның мүшесі Абдулат Мырзаев хабарлады.

"Соңғы үш кездесудің қорытындысы бойынша тараптар тағы 40 шақырым бойынша келісімге келді. Тамызда Тәжікстанда кездесу жоспарланған. Ондағы кездесу қорытындысы бойынша ақпарат беріледі. Іс жүріп жатыр, бірақ бұл мәселе қашан шешілетінін айта алмаймыз" деді Мырзаев.

12-17 шілдеде Бішкекте өткен кездесу соңында қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау бойынша тиісті қаулыға қол қойылған.

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының қашықтығы 970 шақырымдай болса, оның 519 шақырымы ғана бекітілген.

Шекараның келісілмеген тұстары сондағы елді мекендердегі су, жер және әлі анықталмаған шекараны кесіп өту мәселелері дауға жиі себеп болады. Даудың соңы жанжалға ұласып, тараптар бір-біріне тас атады, кейде қарудан оқ атады.

Соңғы рет 25 шілдеде шекарада атыс болып, бір адам жарақаттанған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG