Accessibility links

Еуроодақ Лукашенкоға жаңа санкция салуы мүмкін


Беларусьтің авторитар басшысы Александр Лукашенко.
Беларусьтің авторитар басшысы Александр Лукашенко.

Еуроодақ авторитар басшы Александр Лукашенкоға жаңа санкция салуы мүмкін. 9 тамызда Беларусьтегі наразылықтың басталғанына бір жыл толды. Былтыр президент сайлауынан кейін елде жаппай наразылық тұтанып, демонстранттар сайлау нәтижесінің бұрмаланғанына қарсылық білдірген. Еуроодақ және АҚШ, одан өзге елдер Беларусьтегі президент сайлауының ресми нәтижесін мойындаудан бас тартқан. Олар Лукашенконы ел басшысы деп санамайды.

"[Лукашенко] Режимі халықаралық міндеттемелерді белден басып отырған шақта Еуроодақ тағы да шара қолдану мәселесін қарастыруға дайын" деді 8 тамызда Еуродақтың сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель.

Бұған дейін Батыс елдері Лукашенко режиміне қысым жасап, наразылықты басу мүмкіндігін азайту үшін және оппозициямен келіссөз жүргізуге мәжбүрлеу үшін Минскіге бірнеше рет санкция салған.

Беларусь билігі наразылық басталғалы бері оппозиция жетекшілерін қамады, кейбірін елден кетуге мәжбүрледі, ондаған мың адам ұсталды. Ондаған үкіметтік емес ұйым қудаланды. Минск көптеген журналистке аккредитация беруден бас тартқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG