Accessibility links

Вакцина авторы "дельтаның" кесірінен ұжымдық иммунитет қалыптасуы мүмкін емес деп санайды


Коронавирустың дельта варианты халық арасында ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына мүмкіндік бермей отыр, дегенмен ол аурудың жеңіл өтуіне жәрдемдеседі. AstraZeneca вакцинасын дайындау тобының жетекшісі профессор Эндрю Поллард британ парламентінде осылай деп мәлімдеді.

"Бұл вирус қызылша емес. Халықтың 95 пайызына қызылшаға қарсы вакцина салдырса, вирус адамнан адамға жұқпайды. Коронавирустың дельта штамы вакцина салдырғандарға да жұғады. Вакцина салдырмаған адам әйтеуір вируспен кездеседі, оның жұғуына кедергі жасайтын ештеңе болмай отыр" деді профессор.

Оның айтқандарын The Guardian газеті таратты. Эндрю Поллардтың пікірінше, сол себепті ұжымдық иммунитет қалыптасады деген әңгіме "аңызға" айналып отыр.

Дегенмен ғалым қолда бар вакцина вирустың жұғуын тежемесе де, аурудың ауыр өтуін, өлім көрсеткішін азайтады деді.

Ұлыбританияда кәмелет жасынан асқан халықтың шамамен 75 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын да салдырған. Соған байланысты билік карантин шектеулерінің көбісін алып тастады.

AstraZeneca вакцинасын дайындаушылардың мәлімдеуінше, препараттың коронавирусқа қарсы орташа күші - 70 пайыз, дельта штамына қарсы күші - 60 пайыз.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG