Accessibility links

Ауған вице-президенті Амрулла Салех елден кетпегенін, тәліптерге "бас имейтінін" айтты


Ауғанстан президенті Ашраф Ғани тұсында вице-президент атанған Амрулла Салех (оң жақта). 2 тамыз 2021 жыл.
Ауғанстан президенті Ашраф Ғани тұсында вице-президент атанған Амрулла Салех (оң жақта). 2 тамыз 2021 жыл.

"Талибанның" елді басып алуымен биліктен кеткен ауған үкіметінен тек бір адам ғана "тәліп билігіне ешқашан бас имейтінін", Ауғанстанда қала беретінін мәлімдеді. Ол – Панжшер уәлаятының тумасы, елден қашқан ауған президенті Ашраф Ғанидің тұсында вице-президент болған Амрулла Салех.

"Ауғанстанның қазіргі конституциясына сай, президент жоқ болғанда, қашқанда, отставкаға кеткенде не қайтыс болғанда, бірінші вице-президент президент міндетін атқарушыға айналады. Мен дәл қазір елдемін және заңды түрде президент міндетін атқарушымын. Барлық лидерден маған жан-жақты қолдау білдіруді сұраймын" деп мәлімдеді ол.

16 тамыз күні Би-би-си тілшісі Ялда Хаким Амрулла Салех пен Ахмад Масудтың бірге түскен суретін жариялап, оның астына Ауғанстанда тәліптерге қарсы жаңа коалиция құрылуы мүмкін екенін жазды.

Ахмад Масуд – 1980-1990 жылдары ауған мұжахедтерінің лидері, дала командирі және қорғаныс министрі болған Ахмад Шах Масудтың ұлы. Ол "Талибан" қозғалысына (Қазақстанда тыйым салынған) қарсы күш жинай бастады. Бұл туралы Ахмад Масудтың La Règle du Jeu француз журналына жолдаған хатында айтылады. Журналдың иесі – танымал жазушы әрі философ Бернар-Анри Леви. Ол кіші Масудтың әкесімен дос болған. Ахмад Шах Масудты 20 жыл бұрын "әл-Қаида" лаңкестері өлтірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG