Accessibility links

Жамбыл облысындағы жарылыс деп тараған видеодан скриншот.
Жамбыл облысындағы жарылыс деп тараған видеодан скриншот.

Жамбылдағы жарылыстың хроникасы

26 тамыз кешкісін Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы 28349 әскери бөлімі аумағындағы оқ-дәрі сақталатын қоймада жарылыс болды. Жұма күні билік жарылыстан 13 адам қаза тауып, 98 адам зардап шеккенін, үш кісінің хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады. Азаттық сұрағына жауабына Қазақстан қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кететіні туралы өтініш беретінін мәлімдеді. Жарылыс хроникасы.

22:36 26.8.2021

26 тамызда кешкі сағат 19 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы 28349 әскери бөлімі аумағында жарылыс болып, кемі 32 адам зардап шекті. Бұл жөнінде Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл бөлім Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласынан 18 километр қашықтықта орналасқан.

Жамбыл облысында әскери қоймада жойқын жарылыс болды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:26 0:00

22:37 26.8.2021

Қорғаныс министрлігі дерегінше, қоймада инженерлік оқ дәрі сақталады, бірақ олар алыс қашыққа ұша алмайды. Бірақ сонда да жақын маңдағы ауылдардың тұрғынын қауіпсіз жаққа көшіру туралы шешім шыққан.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметі бойынша, 250 тұрғыны бар Қайнар ауылы оқиға орнынан 1 километрге жетпейтін қашықтықта орналасқан. Халықты эвакуациялау басталды.

"Жақын маңдағы Базарбай, Үш-Бұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындары эвакуацияланып жатыр" делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

Оқиға орнына 16 жедел жәрдем бригадасы жіберілген. Тараздың №1 қалалық ауруханасына түрлі жарақат алған 32 адам жеткізілген.

22:43 26.8.2021

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы әскери қоймадағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Ол Twitter парақшасында "жедел штаб құрылғанын, ТЖМ, ІІМ бөлімшелері жұмылдырылғанын, теміржол қатынасы уақытша тоқтатылғанын" жазды.

22:46 26.8.2021
Жамбыл облысындағы жарылыс деп тараған видеодан скриншот.
Жамбыл облысындағы жарылыс деп тараған видеодан скриншот.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында "Жамбыл облысына қорғаныс, төтенше жағдайлар министрлері, ішкі істер министрінің орынбасары ұшып кетті. Жақын маңдағы ауыл тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданды. Облыстық ТЖ Департаментінің 30-ға жуық қызметкері мен әскери қызметшілер жарақат алды" деп жазды.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG