Accessibility links

Экология министрі тағайындалды. Маңғыстаудың бұрынғы әкімі сенатқа кетті


Серікқали Брекешов.
Серікқали Брекешов.

Серікқали Брекешов экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Бұған дейін экология министрі болған Мағзұм Мырзағалиев бір күн бұрын қызметінен босатылып, энергетика министрі болып тағайындалған.

48 жастағы Серікқали Брекешов 2020 жылдың наурыз айынан бері экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болған. Оның алдында "ҚазТрансГаз" компаниясында түрлі қызмет атқарған. Мұнай-газ кеніштерін игеру саласында маманданған.

10 қыркүйекте Ақорда сайтында бұдан бөлек, Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Серікбай Тұрымовтың сенат депутаты болып тағайындалғаны жайлы президент жарлығы жарияланды.

57 жастағы Серікбай Тұрымов 2019 жылдың маусымынан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін Маңғыстау облысын басқарды. Кәсібі бойынша инженер-құрылысшы.

7 қыркүйекте оның орнына Маңғыстау облысының әкімі болып Нұрлан Ноғаевтың келгені белгілі болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG