Accessibility links

Ауғанстан қалаларында жарылыс болып, кемінде екі адам қаза болды


Жалалабадтағы жарылыс орнын тексеріп жүрген тәліптер. 18 қыркүйек 2021 жыл.
Жалалабадтағы жарылыс орнын тексеріп жүрген тәліптер. 18 қыркүйек 2021 жыл.

Ауғанстанның Нангархар провинциясының әкімшілік орталығы Жалалабадта жарылыстар болып, кемінде екі адам қаза болды, шамамен 20 адам жарақаттанды. Бұл туралы ауған ақпарат құралдары жазды.

Куәлар мен өзге де дереккөздеріне қарағанда, жарылыстың бірі "Талибан" қозғалысының содырлары (Қазақстанда тыйым салынған) отырған көлікте болған. Оқиғаның жай-жапсары әзір белгісіз.

Сенбі күні сәл ертерек Ауғанстан астанасы Кабулда болған жарылыстан екі адам зардап шеккен. Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, жарылыс негізінен хазарлар көп тұратын ауданда болған.

Өткен айда Ауғанстанның басым бөлігіне бақылау орнатқан тәліптер оқиғаға түсініктеме бермеді. Ешбір ұйым жарылысты мойнына алған жоқ. Тамыз айының ортасына дейін радикалды діни топ ауған үкіметінің қызметкерлеріне шабуыл жасау үшін осындай тактиканы пайдаланып келген.

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының бір тармағы – "Хорасандағы Ислам мемлекеті" тобы Ауғанстанның жаңа үкіметіне қарсы.

Кабулдың солтүстік-шығысындағы Панжшер шатқалында тәліптермен текетіресіп жатқан Ауғанстанның ұлттық қарсылық майдан күштері шоғырланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG