Accessibility links

Тәжік студенттері Душанбедегі Қырғызстан елшілігі алдында пикет өткізді


Қырғызстанның жоғары оқу орындарында оқитын бір топ тәжік студенттері Душанбедегі қырғыз елшілігі алдында пикет өткізді. Оларға Бішкекке кіруге рұқсат бермей жатыр.

Студенттердің сөзінше, бір жағынан Қырғызстанмен шекара жабық, екінші жағынан оларға сол жақта өз мамандықтары бойынша білім алуға рұқсат бермеген. Биыл мамыр айында Қырғызстан шекарасын жапқан.

Қырғыз медицина университетінің 5-курс студенті Машрафи Мухаммадюсуф Бішкектегі оқуын жалғастыра алмай жүр.

"Енді сабаққа бармасақ, бізді оқудан шығаруы мүмкін. Қырғызстанда білім алу үшін жыл сайын 12-13 мың сомони төлеп келеміз. Маған диплом алу үшін әлі екі жыл оқу керек. Егер мәселе шешілмесе, осыған дейін оқыған жылдарым зая кетеді" дейді Машафи Мухаммадюсуф.

Қырғызстан елшілігі алдына жиналған өзге де студенттер осындай жағдайын айтады.

Қырғызстанның білім министрлігі бұл мәселені шешуді қарастырып жатырмыз деп мәлімдеді. Олар тәжік студенттерін елге кіргізу жөнінде арнайы жоба әзірлеген. Оны қазір үкімет қарап жатыр.

Биыл мамыр айында қырғыз-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болып, екі тараптан да ондаған адам қайтыс болды. Қырғызстан шекарасын біржақты жапты.

Тәжікстанның білім министрлігінің мәліметінше, Қырғызстанда 2 мыңнан астам тәжік студенті білім алады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG