Accessibility links

Қырғызстанда былтыр көз жұмған құқық қорғаушының өлімін арнайы қызмет зерттейді


Әзімжан Асқаров.
Әзімжан Асқаров.

Қырғызстандық құқық қорғаушы Әзімжан Асқаровтың өлімін Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет зерттейді. Бұл жөнінде "Бир Дуйно – Кыргызстан" құқық қорғау ұйымы мәлімдеді.

Аталған ұйымның адвокаттары бұл істің арнайы қызметке тапсырылғанына қарсы. Олар істі тез арада жабуға мүдделі дейді.

Биыл қыркүйек айының басында істі Мемлекеттік жазаны атқару комитеті тергей бастаған. Бірақ кейін тергеу ісі тоқтап қалған.

Құқық қорғаушы Әзімжан Аскаров былтыр шілде айында пневмониядан қайтыс болды. Ол 2010 жылғы маусым оқиғасын ұйымдастыруға және милиция қызметкерінің өліміне қатысы болды деген айыппен өмір бойы түрме жазасына кесілген. 69 жастағы Әзімжан Асқаров Өзбекстанда жерленді.

Оның өлімінен кейін БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссариаты істі қайта тергеу қажеттігі жөнінде мәлімдеме жасаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG