Accessibility links

Қырғызстанда былтыр көз жұмған құқық қорғаушы Азимжан Асқаровтың ісі қайта тергелетін болды


Азимжан Асқаров.
Азимжан Асқаров.

Қырғызстан бас прокуратурасы 2020 жылы түрмеде көз жұмған құқық қорғаушы Азимжан Асқаровтың ісін қайта тергеуге дайындап жатыр. Бұл туралы қырғыз тарап 6 қыркүйекте Брюссельде Қырғызстан мен Еуроодақтың адам құқықтары бойынша диалогының 11-отырысында мәлімдеді.

Еуроодақтың Қырғызстандағы өкілдігі таратқан мәліметте, жиында қырғызстандық құқық қорғаушы Аскаровқа байланысты мәселе қозғалғаны, оған қатысты ашық тергеу қажет екені айтылған.

Сыртқы істер минисрлігі Брюссельдегі жиынға министрдің бірінші орынбасары Нұран Ниязалиев бастаған делегация қатысқанын хабарлады.

Онда адам құқықтарының жағдайы, оның ішінде COVID-19 пандемиясында құқық қорғау және сайлау заңдарының өзгеруі, сөз бостандығы, азаматтық қоғам, әйелдер мен балалар құқығы мәселелері көтерілген.

2010 жылы маусым оқиғасынан кейін айыпталған Асқаров өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айырылған. Ол 2020 жылы 25 маусымда Бішкектегі №47 колонияда көз жұмды. Жазаны атқару қызметі оның пневмониядан қайтыс болғанын хабарлаған. Марқұмның сүйегін Өзбекстанда жерледі.

Асқаровтың өліміне байланысты бірқатар халықаралық ұйымдар қырғыз билігін сынға алған. Тергеу органдары Асқаровтың кінәсі дәлелденгенін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG