Accessibility links

Досаев несие амнистиясын талап еткен белсенділердің акциясы туралы сұраққа жауап берді


Қазақстан ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев.
Қазақстан ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев.

20 қазанда Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев банк алдында бір аптадан астам уақыттан бері несие амнистиясын талап етіп жүрген белсенділердің акциясы туралы сұраққа жауап берді. Оның айтуынша, белсенділер көтерген мәселемен "Ұлттық банк айналыспайды".

"Олармен кездеспейсіз бе?" деген сұраққа Досаев "жоқ, кездеспеймін, рахмет!" деп жауап берді.

"Оларды [кездесуге] шақырып жатыр. Өздері бармайды. Кездесуге дайын болған кезде сол кезде сөйлесеміз. Онда маған қарайтын сұрақ жоқ" деді Ерболат Досаев.

Нұр-Сұлтанда Ұлттық банктің алдында "Демпартия" белсенділері 12 қазаннан бері наразылық акциясын өткізіп келеді. Олар билікке бес түрлі талап қойған. Арасында коллекторлық компанияларда тіркелген проблемалық несиелерді кешіру, жеке тұлғалардың банкротқа ұшырауы жөнінде заң қабылдау, шағын несиелік компаниялардың пайыз санауы, өсімпұл қосуын мемлекеттің реттеп, қадағалауы сияқты талаптар бар.

Бұған дейін олар Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мадина Әбілқасымованың шығуын талап еткен. Алайда олар наразылар алдына шықпады.

Осыған дейін белсенділер екі рет ұсталып, бір рет әкімшілік жазаға тартылған.

Видео: Несие кешіруді талап еткендер Ұлттық банк алдында түнеді (19 қазан 2021 жыл).

Несие кешіруді талап еткендер Ұлттық банк алдында түнеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:02 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG