Accessibility links

Бір күнде 1,8 мың адамнан коронавирус пен "пневмония" анықталды, 34 науқас қайтыс болды


22 қазанда Қазақстанда 1732 адамның анализінен коронавирус анықталды. 1979 адам жазылды. Сенбі, таңертең денсаулық сақтау министрлігі осылай деп хабарлады.

Өткен тәулікте Алматы қаласында – 234, Павлодар облысында 225 адамның ПТР тесті оң шыққан. Нұр-Сұлтан (172), Қарағанды облысы (161), Ақмола облысы (148), Алматы облысында (105) 200-ге дейін науқас тіркелген. Қалған облыстарда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

2020 жылдың наурыз айынан бері 926 мың адамның коронавирус тесті оң шыққан. 11 907-і қайтыс болған.

Пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне 2020 жылдың 1 тамызынан бері 78 596 адам шалдыққан. 4998 адам қайтыс болған. 21 қазанда 136 адамға осындай диагноз қойылды.

Екі күн бұрын 34 адам өлімі тіркелді: 28 адам – коронавирустан, 6 адам коронавирусқа ұқсас пневмониядан қайтыс болды деп айтылады.

Елде анализінен коронавирус анықталса да, өліміне Covid емес, басқа ауру себеп болды делінген 2,5 мыңнан астам адам өлімі коронавирус статистикасына енгізілмеген.

Қазір 50 мың адам коронавирустан емделіп жатыр. 8,7 мыңы стационарда жатыр. 631 адамның жағдайы ауыр, 162 пациенттің хәлі нашар. 107 науқас жасанды тыныс апаратына қосылған.

Қазақстанда ақпан айынан бері халыққа коронавирусқа қарсы вакцина егіліп келеді. Содан бері 7,3 млн адам вакцинаның екі дозасын алған. 800 мың адам екінші дозасын күтіп отыр. Бұған дейін министрлік қарашаның соңында жұртқа вакцинаның үшінші дозасын салынатынын айтқан. Бірінші кезекте екпе медицина қызметкерлері, мұғалімдер, коронавирусқа қарсы антиденесі қалыптаспаған, денсаулығы дімкәс азаматтарға салынуы тиіс. Министрліктің айтуынша, бірінші кезеңде үшінші доза алуы тиіс азаматтардың саны 600 мыңға жуықтайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG