Accessibility links

Қырғызстанда көмір кенін өндіруге қарсылар митингіге шықты


Согонду ауылы.
Согонду ауылы.

Қырғызстанның Ош облысы Алай ауданындағы Согонду ауылында көмір кенін қазуға қарсы болған екі жүздей адам наразылық акциясын өткізді. Бұл туралы жергілікті тұрғын Миртемир Рахманбердиев Азаттықтың Қырғыз қызметіне хабарлады.

Жиналғандар ауылдан 2500 метр аралықтағы Тайғақ-Таш аймағынан көмір қазуға қарсы. Олар кен өндіруді мақсат еткен компания қайтадан жұмысын бастағанын айтып, егер көмір қазыла бастаса, экология бұзылып, таза су былғануы мүмкін екенін айтады.

Акцияға шыққандармен Алай ауданы әкімінің орынбасары Шерікбай Жапанов кездескен.

Согонду ауылының басшысы Қылыш Мұсаев кен қазуға соңғы екі жылдан бері елдің көбі қарсы болып жатқанын айтты.

"Бикипинг" компаниясы кенді игеруге 2017 жылдың соңында үш жыл мерзімге рұқсат алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG