Accessibility links

Португалия парламенті эвтаназияны заңдастырды. Оған бұрын Конституциялық сот қарсы болған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Портулагия парламенті эвтаназияны заңдастыру жөнінде заң жобасын қабылдады. Депутаттар аталған құжатты жыл басында қабылдаған, алайда ол кезде Конституциялық сот заң жобасын өткізбей тастаған.

Заң жобасын 138 депутат қолдады, 84 депутат қарсы болды, бесеуі қалыс қалды.

Заңға жаңа бап енгізіліп, "медицина көмегімен болған өлім", "медицина көмегімен болған өзін өлтіру", "эвтаназия", "ауыр немесе жазылмайтын ауру", "тұрақты немесе төтенше ауыр жарақат", "қиналу", "дәрігер-кеңесші", "дәрігер-маман" ұғымдары енгізілді. Енді құжатты президент қарауы тиіс.

Португалия парламенті эвтаназияны заңдастыруды 2021 жылы қаңтарда қолдаған. Алайда президент Марселу Ребелу ди Соза заңға қол қоюдан бас тартып, Конституциялық сотқа жүгінген.

Конституциялық сот құжатта "медицина көмегімен болған өлімді декриминализациялауға мүмкіндік беретін талаптарды анықтау кезінде тым бұлыңғыр ұғымдар" пайдаланылатынын ескерткен. 2018 жылы Португалия парламенті осы мәселе бойынша дауыс беріп, эвтаназияға қарсылар екі есе көп дауыспен жеңген.

Қазір Бельгия, Испания, Люксембург, Нидерланды, Канада, Колумбия және Австралия мен АҚШ-тың кейбір штаттарында эвтаназия заңдастырылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG