13 қарашада Ресейдің коронавируспен күрес жөніндегі штаб өкілдері өткен тәулікте 1241 адамның вирустан көз жұмғанын хабарлады. Індет басталғалы бері мұндай жоғары көрсеткіш тіркелмеген. Оның алдында бір күн бұрын 1235 адам вирустан қайтыс болған.
Ресейде кір күнде 39 256 адамның анализінен коронавирус анықталған. Індет басталғалы бері коронавирус жұқтырғандар 9 миллионнан асты. Ресми мәлімет бойынша содан бері 254 мың адам коронавирустан қайтыс болған. Бұл Еуропадағы ең жоғары көрсеткіш.
Елде вирусты тежеу үшін қараша айының басында бір аптаға созылған шектеу шаралары енгізіліп, кәсіпорындар жабылған.
Вирустың күшеюіне вакциналау науқанының баяулығы, халықтың санитарлық ережелерді сақтамауы және үкіметтің шараларды қатайтуға ықылассыздығы себеп деп айтылады.
Былтыр коронавирусқа қарсы вакцинаны әлемде алғаш болып тіркеген 146 млн тұрғыны бар Ресейде халықтың 40 пайызға жуығы ковидке вакцинаның толық дозасын алған.
ПІКІРЛЕР