Accessibility links

Жамбыл облысында бораннан бір адам қаза тауып, ондаған адам зардап шекті


17 қарашада Жамбыл облысында боран кезінде бір жасөспірім жекеменшік үйдің шатырынан құлап, сол жерде мерт болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Қайғылы оқиға Жалпақтөбе ауылында болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2004 жылы туған жасөспірім бораннан бүлінген шатырды жөндеу үшін үйдің төбесіне шыққан. Жел оны жерге құлатып, жасөспірім жедел жәрдем келгенше көз жұмған.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дауылдан зардап шеккен 53 адам медициналық көмекке жүгінген. Он шақты адам ауруханаға жатқызылған.

"Олардың дені терезелердің, ағаштардың, қақпалардың сынуынан зардап шеккен. Науқастардың басы, аяқ-қолы зақымданған", - деп хабарлады басқарма.

17 қарашада түнде Жамбыл облысында қатты боран соқты. Төтенше жағдай жөніндегі департамент мәліметінше, желдің жылдамдығы секундына 32 метрге жеткен. Дауылдан облыс орталығы мен ауылдарда инфрақұрылым бүлінді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG