АҚШ-тың Ресейдегі елшілігінде үш жылдан артық жұмыс істейтін АҚШ азаматтары 2022 жылдың 31-қаңтарына дейін Ресейден кетуге тиіс. Бұл жөнінде СІМ ресми өкілі Мария Захарова хабарлады.
Мәскеудің бұл шешімі Ресей дипломаттардың АҚШ-тағы мерзімін шектеген Вашингтонға жауабы болып тұр.
Захарованың сөзінше, бұл Ресейдің таңдауы емес – "мұндай ойынды АҚШ-тың өзі таңып отыр".
Осыған дейін Вашингтон АҚШ-тағы Ресей елшілігінің 27 қызметкерін 2022 жылдың 30 қаңтарына дейін кетуді талап еткен.
Американың Мәскеудегі елшілігі әзірге пікір білдірмеді.
2020 жылы АҚШ мемлекеттік департаменті Вашингтон, Нью-Йорк және Хюстондағы Ресей дипломаттарының жұмыс мерзіміне үш жылдан аспайтын шектеу қойған.
"Келер жылдың 1 шілдесіне дейін Вашингтон үш жылдық шектеуден бас тартпаса, АҚШ дипломаттары тағы шығарылады", – деп ескертеді Ресей сыртқы істер министрлігі.
ПІКІРЛЕР