Accessibility links

"Талибан" Ауғанстанның бұғаттағы активтерін қайтаруды талап еткендерге митинг өткізуге рұқсат берді


Жүздеген ауған азаматы Кабулда митинг өткізіп, Ауғанстанның халықаралық қауымдастық бұғаттаған миллиардтаған долларын қайтаруды талап етті.

Наразылық акциясын өткізуге "Талибан" (Қазақстанда бұл ұйымға тыйым салынған) үкіметі рұқсат берді. Шерушілердің қауіпсіздігін тәліп содырлары қамтамасыз етті.

Шеруге жиналғандар АҚШ-тың Кабулдағы елшілігіне барып, "Біздің де тамақ ішкіміз келеді", "Бұғаттағы ақшаларды қайтарыңдар" деп ұрандатты.

Тәліптер 15 тамызда Ауғанстан үкіметіне шабуылдаған кезде халықаралық ұйымдар мен мемлекеттердің бірқатары Кабулға тиесілі активтерді бұғаттап, қаржылай көмек беруін доғарды.

"Талибан" бұған дейін өздерін сынаған наразыларға бейбіт шеру өткізуге рұқсат бермей келген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG