Accessibility links

Саакашвилидің заңгері түрмеге ауыстырылған саясаткердің денсаулығына алаңдайды


Саакашвилиді босатуды талап етіп тұрған халық.
Саакашвилиді босатуды талап етіп тұрған халық.

Әскери ауруханадан түрмеге ауыстырылған Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің заңгері саясаткердің денсаулығына алаңдады.

"Түрмеге ауыстырғаннан кейін оның денсаулығы қатты нашарлап кетуі де ықтимал. Тіпті тірі ме десеші" деді Саакашвилидің заңгері Ника Гварамиа 30 желтоқсанда журналистерге.

Саакашвилиді ауруханадан "ұрлағандай болды" деп мәлімдеген заңгер биліктің қорғау тарабы мен туыстарына оның денсаулығы жөнінде еш ақпарат бермей отырғанын айтты.

Қорғау тарабы 30 желтоқсанда Руставелидегі түрмеге барып, Саакашвилимен кездесуге күш салмақ.

Шетелде тұрып келген Михаил Саакашвили күзде Грузияға оралғаннан кейін бірден қамауға алынған еді. Президент болып тұрған тұста "қызметтік өкілетін асыра пайдаланды" деп айыпталған Саакашвили алты жылдық түрме жазасын өтеп жатыр.

Істің саясиланғанын айтып, өзін босатуды талап еткен саясаткер 50 күндік аштықтан кейін 19 қарашада Горидегі ауруханаға ауыстырылған еді. Жақтастары оған қамауда қысым көрсетіліп, "азаптауға ұшырады" деп санайды.

18 желтоқсанда оның денсаулығын тексерген тәуелсіз медициналық топ "биыл қазан айында қамауға алынғалы көрген азабы" Саакашвилидің денсаулығына айтарлықтай зардап тигізген" деген қорытынды шығарды.

Украина сыртқы істер министрі 28 желтоқсанда Грузия билігін Украина азаматтығы бар Саакашвилиге қосымша медициналық көмек көрсетуге үндеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG