Accessibility links

Түркіменстанда президентті насихаттау күшейді


Түркімен парламенті 2022 жылды "Халықтың Арқадағпен бірге заманы" деп жариялады. Жергілікті билік өкілдіктері президент Гурбангулы Бердымұхамедовті матақтап жатыр.

Азатлык тілшілерінің хабарлауынша, жергілікті билік бюджетке қарасты ұйымдардың жұмысшыларымен Бердымұхамедовті насихаттауды көздейтін шаралар ұйымдастырып жатыр. Елде жеке басқа табынушылық күшейді. Бюджет қызметкерлері үйлеріне президент суретін іліп қоюы тиіс.

Насихат жұмыстарына білім мекемелерінің, медициналық ұйымдардың, зауыттар мен фабрикалардың, соның ішінде мұнай өңдеу кәсіпорындарының жұмысшылары тартылған.

Түркімен парламентінің 2022 жылды "Халықтың Аркадагпен бірге заманы" деп жариялауы да елдегі жеке басқа табынушылыққа жаңа серпін берген.

Бюджет қызметкерлері президент Бердымұхамедов шығарған делінетін кем дегенде он өлеңді жатқа білуі тиіс. Бұған қоса, олар президент кітаптарының аттарын жаттап жүр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG