Accessibility links

Балтық елдері Украинаға зымыран кешеніне арналған оқ-дәрі жібереді


АҚШ Киевке Балтық елдеріндегі Javelin және Stinger зымыран кешеніне арналған оқ-дәрі жіберуді мақұлдады. Бұл жөнінде Эстония қорғаныс министрлігі хабарлады. Бұған дейін Украина Қарулы күштеріне Ұлыбританияның қару-жарақ жөнелткені хабарланған.

Кейінгі кезде Батыс елдерінің Ресей Украинаға басып кіреді деген болжамы күшейген.

21 қаңтарда Женевада Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен келіссөз жүргізді. Олар Кремль әзірлеген "қауіпсіздікке кепілдік" құжатын талқылаған.

Блинкен АҚШ одақтастарымен ақылдасқаннан кейін Ресейге аталған құжат жөнінде жауап беретінін растады. Бұған дейін Ресей аталған хат аясында Батыс елдеріне Украинаны НАТО құрамына алмау жөнінде де талап қойған еді. АҚШ мемлекеттік хатшысының айтуынша, АҚШ пен одақтастары бұл талапты орындамайды, бірақ Ресей Батыстың ұсыныстарын қараса, хатта жазылған өзге талаптарды да қарастыруға дайын екенін айтты. Блинкен Ресей басқыншылық ниеті жоғын дәлелдеу үшін Украинамен шекарадан әскерін әкетуі тиіс деп санайды.

Ресей Украинаға басып кірсе, Украинаға әскери қолдау көрсетуге уәде беруден бас тартқан Батыс елдері егер Мәскеу шынымен де аннексияға талпынса, Киевке қару-жарақпен көмектесетінін, Ресейге "бұрын-соңды болмаған ауқымда" санкция салатынын айтып ескерткен. Кремль басқыншылық ниеті жоғын айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG