Accessibility links

Тоқаев "Болашақ" бағдарламасын Ресейдің оқу орындарына қарай бағдарлау жөнінде айтты


Ірі кәсіпкерлермен кездесу өткізген президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ірі кәсіпкерлермен кездесу өткізген президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 21 қаңтарда бизнес өкілдерімен кездесу кезінде "Болашақ" бағдарламасының бағыты өзгеретінін мәлімдеді.

"Біз тым көп экономист, заңгер, менеджерді дайындаймыз. Қазір біз техникалық бағыттағы мамандықтарға көбірек назар аударуымыз қажет. "Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлаймыз. Жастарымызды оқуға, мүмкін бірінші кезекте Ресейдің танымал техникалық жоғары оқу орындарына жіберерміз" деді ол.

Тоқаев Қазақстанда техникалық мамандықтар бойынша әлемнің жетекші университеттерінің бөлімшесін ашуды тапсырғанын айтты. Оның сөзінше, қазақтар "технарь" болуы тиіс. "Егер кез келген қаржылық-өнеркәсіптік топ соңғы үлгідегі зауыт ашып, ауыл, қала шетіндегі мыңдаған баланы оқытса, оларға адал ақша табуына мүмкіндік берсе, бұл әлеуметтік тұрақтылыққа кәдімгідей кепіл" деді ол.

"Болашақ" – "ел экономикасының басым секторлары бойынша" кадрлар мен мамандар дайындайтын бағдарлама. Бағдарлама магистратура немесе докторантурада оқуға, әлемдік компаниялар мен университеттерде ғылыми-өнеркәсіптің тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді. Стипендияны 1993 жылы Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев тағайындаған.

Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде және одан кейін Нұрсұлтан Назарбаевқа "адалдық танытқан" шенеуніктер мен туыстарын қызметтен ала бастаған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов қызметінен босатылып, кейін "мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша қамауға алынды.

Назарбаевтың ортаншы қызының күйеуі Тимур Құлыбаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы қызметінен кетті. Оған дейін Назарбаевтың екі "күйеу баласы" – "ҚазТрансОйл" компаниясының басқарма бастығы Димаш Досанов пен "Қазақгаз" компаниясының басқарма бастығы Қайрат Шәріпбаев қызметінен босатылды.

19 қаңтарда Назарбаевтың кіші қызымен байланысы бар делінген компания утилизация алымын жинау құқығынан айырылды. Сол күні парламенттің төменгі палатасы Нұрсұлтан Назарбаевты Қауіпсіздік кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясын өмір бойы басқару құқығынан айыратын өзгерісті мақұлдаған.

Қарай отырыңыз: "Назарбаевтың күні батып барады". Депутаттар "Елбасы" заңын өзгертті (20 қаңтар 2022 жыл).

"Назарбаевтың күні батып барады". Депутаттар "Елбасы" заңын өзгертті
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:27 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG