Accessibility links

Назарбаева, Байбек, Мамин мен Сағынтаев "Нұр Отанның" саяси кеңес құрамына енбеді


"Нұр Отанның" онлайн съезі.
"Нұр Отанның" онлайн съезі.

28 қаңтарда "Нұр Отан" партиясының онлайн өткен съезінде партияның саяси кеңес құрамы бекітілді. Оған 92 адам енген. Бұл жөнінде партияның сайтындағы хабарламада айтылған.

Саяси кеңеске партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева, бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин, мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, кәсіпкер Болат Өтемұратов енбеген. Кеңес құрамына президент Тоқаев, сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, парламент депутаттары Берік Әбдіғалиұлы, Нұртөре Жүсіп тағы басқа адамдар енген. Тізімде алғаш рет премьер-министр мен бірде-бір министр және әкімнің аты-жөні жоқ.

"Жалпы партияның жоғары өкілді органы 55%-ке жаңарды" делінген партия хабарламасында.

28 қаңтарда "Нұр Отан" партиясының съезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасы болып сайланған. Ол партияның жұмысын түбегейлі өзгерту қажеттігін алға тартқан. Тоқаев съезд кезінде партия төрағасының бірінші орынбасары қызметінің (осыған дейін бұл қызметті Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек атқарған) қажетсіздігін, оның орнына жауапты хатшы қызметін бекіту тиімдірек болатынын атап өткен.

Кейбір белсенділер Тоқаевтың сөзіне сыни көзбен қарайды.

Партияның съезінен тікелей эфир болған жоқ, ақпарат тек Ақорданың Twitter-парақшасында жарияланып отырды. Жиынға экс-президент, партияның осы күнге дейінгі төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқаны айтылды.

Елдегі басқарушы партия өкілдері қаңтар оқиғасынан кейін алғаш рет бас қосып отыр. Тоқаевтың билігі күшейіп, Назарбаевтың ықпалы әлсіреді деген болжам растала бастаған шақта сарапшылар Назарбаевтың отбасы мүшелері мен оған "адал" шенеуніктердің партия құрамында қалу-қалмайтындығы жөнінде түрлі болжам жасаған.

Съезд өткен күні Оралда полиция "Нұр Отан" жұмысын сынап, жалғыз адамдық пикет өткізген белсендіні ұстап әкетті. Астанада "Нұр Отан" ғимараты алдында акция өткізбек болған белсенді Санавар Закировамен байланыс үзілді. Полиция әзірге түсініктеме бермеді.

Қарай отырыңыз: "Бұрынғы атауы жақсы еді ғой". "Нұр-Отанның" аты өзгере ме? Депутаттар пікірі (28 қаңтар 2022 жыл).

"Бұрынғы атауы жақсы еді ғой". "Нұр Отанның" аты өзгере ме? Депутаттар пікірі
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:43 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG