Accessibility links

Байден біраз әскерін Шығыс Еуропаға жөнелтетінін мәлімдеді


АҚШ президенті Джо Байден.
АҚШ президенті Джо Байден.

АҚШ әскерінің шағын бөлігін Шығыс Еуропа мен НАТО елдеріне шоғырландырады. Бұл жөнінде АҚШ президенті Джо Байден мәлімдеді. Ресей Украинамен шекарасында әскерін көбейтіп, Мәскеу көрші елге басып кіреді деген болжам күшейген шақта Байден осындай мәлімдеме жасап отыр.

"Жуырда Америка әскерін Шығыс Еуропа мен НАТО елдеріне жөнелтемін. Аса көп емес" деді журналистер сұрақтарына жауап берген Байден.

Осы аптада Пентагон Еуропаға жөнелтілуі мүмкін 8,5 мың сарбазды әскери дайындық режиміне көшірген.

АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остиннің айтуынша, Ресей басшысы Владимир Путиннің Украинаға қарсы әрекет етуге әскери мүмкіндігі жетіп тұр, енді барлығы Мәскеудің саяси шешіміне байланысты. Остиннің айтуынша, Вашингтон Путин Украинаға күш қолдану туралы түбегейлі шешім қабылдады дегенге сенбейді, бірақ оның "мұндай мүмкіндігі бар" екенін біледі.

Кремльдің мәлімдеуінше, Мәскеу АҚШ пен НАТО-ның қауіпсіздік бойынша берген жауабын мұқият қарап, әрі қарайғы қадамын анықтайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG