Accessibility links

ҚМГ: Өзен кен орнының мұнай қоры 8 пайызға ұлғайды


Маңғыстау облысындағы мұнай соратын қондырғылардың бірі. Көрнекі сурет.
Маңғыстау облысындағы мұнай соратын қондырғылардың бірі. Көрнекі сурет.

Маңғыстау облысындағы "Өзенмұнайгаз" компаниясының барлау жұмыстары нәтижесінде Өзен кен орнындағы мұнай қоры 8 пайызға ұлғайды. Бұл туралы 31 қаңтарда "Қамұнайгаз" компаниясы хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Өзен кен орнын барлаудың егжей-тегжейлі бағдарламасы 2017 жылы басталған. Бағдарлама аясында 2017-2021 жылдары ішінде жоғары көрсеткішті сейсмобарлау 3D түсірілімі (368 шаршы км) жүргізіліп, барлық ұңғыма қорына қайта талдау жасалып (7500-ден астам), геологиялық тұжырымдамасы қайта қаралып, геологиялық 3D-үлгісі қайта құрастырылды.

"Нәтижесінде кен орны құрылымы нақтыланып, жаңа мұнай шоғыры табылды. Атқарылған жұмыстардың қорытындысына сай Өзен кен орнының мұнай қоры пайызға ұлғайды, бұл өз кезегінде шығарылатын қордың 39,9 млн тоннасын құрап отыр" делінген баспасөз хабарламасында.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "сұйылтылған газ бағасының өсіп, халық наразылығының артуына" үкімет, оның ішінде энергетика министрлігі, "Қазақгаз" компаниясымен қоса "Қазмұнайгаз" компаниясын да кінәлаған. Бірақ нақты не үшін айыпты екенін атаған жоқ.

Өзен кен орны – Қазақстанда ғана емес, әлем бойынша бірегей бастапқы геологиялық қоры бар ең ірі кен орны. Кәсіпорын Маңғыстау облысындағы Өзен және Қарамандыбас кен орындарында мұнай және газ конденсатын өндіреді.

2021 жылдың жазында Маңғыстау облысында мұнай саласындағы ондаған кәсіпорын жұмысшылары наразылыққа шығып, еңбекақыны көбейтуді, жұмыс жағдайының жақсартуды талап еткен. Көп жағдайда жұмыс беруші талаптарды орындаған еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG