Accessibility links

Өзбекстанда ауруханада газ жарылып, кемінде бір адам қаза болды


Газдың жарылуынан қираған ғимарат. Көрнекі сурет.
Газдың жарылуынан қираған ғимарат. Көрнекі сурет.

Өзбекстанның шығысындағы Әндіжан облысында ауруханада жарылыс болып, кемінде бір адам қаза болды. Төтенше жағдай министрлігінің ақпаратына қарағанда, 11 ақпанда Шахрихан ауданындағы ауруханада медицина жабдығы жарылып, соның салдарынан 57 жастағы науқас әйел қаза болған. Министрліктің хабарлауынша, 7 адам жарақаттанған. Алдын ала тергеу нәтижесі бойынша, жарылысқа газдың шығуы себеп болған.

Ведомство жағдайға қатысты ақпарат таратып отыратынын хабарлады.

Оқиға орнында құтқарушылар тобы жұмыс істеп жатыр. Өзбекстанда газдың шығуынан туындайтын жарылыстар жиі болып тұрады. Мұндай жағдай әсіресе қыс кезінде – тұрғындар үйді жылыту үшін табиғи газды жиі пайдаланатын кезде болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG