Accessibility links

Азат Еуропа/Азаттық радиосы Еуропа сотына Ресей үстінен шағым түсірді


АЕ/АР-дың Прага қаласындағы бас кеңсесі.
АЕ/АР-дың Прага қаласындағы бас кеңсесі.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясының Ресейдегі өкілдігі саналатын "Азат Еуропа/Азаттық радиосы" ЖШС және оның бас директоры Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына жүгінді.

Арызда корпорацияның орыс тілді журналистерінің жобаларын "шетел агенттері" тізіміне енгізген Ресей билігінің әрекеттері туралы айтылған.

Үш ай бұрын медиакорпорация Страсбургтегі Бас прокуратураға шағымданған. Ал 2021 жылғы маусым айында Еуропадағы адам құқықтары жөніндегі сот АЕ/АР арызын тезірек қаралуы тиіс іске жатқызған.

Медиакорпорацияның жаңа құжатында "шетел агенттері" жөніндегі заң мен соның негізінде енгізілген санкциялар сөз бостандығы жөніндегі еуропалық конвенция баптарына сай еместігі айтылған. Арызда Ресейдегі журналистердің жұмыс істеуі қиындағаны баяндалған.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы медиакорпорациясының орыс тіліндегі жобаларын Ресей 2017 жылы "шетел агенттері" тізіміне енгізді. Былтыр қаңтар айында Роскомнадзор ол жобаларға қатысты мыңнан астам хаттама толтырды. Сот солардың негізінде шамамен 1 млрд рубль айыппұл салды. Ресейдегі соттар медиакорпорация арыздарын қайтарған соң, ол Еуропадағы адам құқықтары жөніндегі сотқа жүгінуге мәжбүр болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG