Accessibility links

Украинамен жағдай ушыққан шақта Путин ядролық зымырандар сынағын бақылады


Ресей президенті Владимир Путин және Беларусь басшысы Александр Лукашенко әскери жаттығуды Кремльден бақылап отыр. 19 ақпан 2022 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин және Беларусь басшысы Александр Лукашенко әскери жаттығуды Кремльден бақылап отыр. 19 ақпан 2022 жыл.

Украинамен жағдай ушыққан сәтте Ресей "жоспарлы" әскери жаттығу аясында дыбыстан да жылдам баллистикалық, қанатты және ядролық оқтұмсықтары бар зымырандарын сынақтан өткізді. Бұл жөнінде 19 ақпанда Кремль мәлімдеді. Ресейлік ақпарат агенттіктері Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песковке сүйеніп, президент Владимир Путин мен белорус басшысы Александр Лукашенконың әскери жаттығуды Кремльден бақылағанын хабарлады.

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери жаттығуға Ресей қарулы күштерінің барлық-дерлік бөлімшелері қатысқан. Арасында аэроғарыш және стратегиялық зымыран күштері, ядролық қарумен жарақталған су асты қайықтары бар Солтүстік және Қара теңіз флоты да бар.

Жаттығу жайлы ақпарат шықпай тұрып бірер сағат бұрын АҚШ Мәскеу Украинаға алдағы күндері соғыс ашуға бекінді деп мәлімдеген. Ресей көрші елге шабуыл жасауды жоспарлап отырмағанын айтты.

Барлау деректеріне сүйенген Вашингтонның айтуынша, Ресей Украинамен шекарасына 150 мың әскерін орналастырған. Украина шығысындағы Мәскеу қолдайтын ресейшіл сепаратистер күшін есептегенде олардың саны 190 мыңға жетеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG