Accessibility links

Құқық қорғаушылар: Гүлнара Каримованың ақшасын Өзбекстанға қайтару процесі ашық емес


Гүлнара Каримова.
Гүлнара Каримова.

29 наурызда Transparency International ұйымының орыс бөлімі Гүлнара Каримованың қаржысын Өзбекстанға қайтару процесі ашық жүріп жатқан жоқ деп мәлімдеді.

Олар жасаған баяндамада өзбек үкіметін азаматтық қоғам өкілдерімен тығыз байланыс орнатуға шақырған.

Құқық қорғаушылардың сөзінше, Өзбекстанда соңғы жылдары реформа жүргізу үшін және жемқорлықпен күресу үшін заңдар қабылданған.

"Бірақ соған қарамастан мемлекеттік органдарда тамыр-таныстық, кедергілер, жемқорлық әрекеттер көрініс алып жатыр" делінген мәлімдемеде.

Қазір Өзбекстанда елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің қызы Гүлнара Каримова көлеңкелі жолмен тапқан деп айтылатын АҚШ және Швейцарияда бұғатталған 1,3 миллиард долларын қайтару процесі жүріп жатыр.

Өзбекстан мен Швейцария арасындағы келісімде қаржыны қайтару процесі ашық болу үшін азаматтық қоғам өкілдері қатысады деп көрсетілген. Бірақ құқық қорғаушылардың пікірінше, әлі күнге дейін бұл пунктінің орындалғаны жайлы мәлімет жоқ. Келіссөздер мен қайтару процесі жабық жүріп жатыр.

Өзбекстан әділет министрлігінің мәліметінше, Каримованың 10 млн доллар көлеміндегі активі Франциядан Өзбекстанға қайтарылған. 131 млн долларды қайтару процесі жүріп жатыр.

Құқық қорғаушылар қайтарылған ақша өзбек халқының игілігіне жұмсалуы тиіс, бұл процесс ашық болуы керек, әрбір жұмсалған тиынға есеп берілуі қажет деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG