Accessibility links

HRW Қырғызстан билігін тәуелсіз журналистер мен БАҚ-тарды қудаламауға шақырды


Next TV арнасын қолдап, пикет өткізіп тұрған белсенділер. Бішкек, 5 наурыз 2022 жыл.
Next TV арнасын қолдап, пикет өткізіп тұрған белсенділер. Бішкек, 5 наурыз 2022 жыл.

Халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Қырғызстан билігінен тәуелсіз журналистер мен БАҚ-тарды қудалауды доғаруды талап етті. Мәлімдеме 1 сәуірде адам құқықтарын қорғау ұйымының сайтында жарияланды.

Онда Next TV телеарнасының өкілдері қылмыстық қудалауға ұшырағаны, мұның алдында Kaktus.Media басылымы мен зерттеуші журналист Болот Теміровтің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

"Қырғыз билігі сөз бостандығын қорғаймыз дейді, бірақ қылмыстық істер арқылы тәуелсіз БАҚ-ты тұншықтыруға талпынып жатыр. Билік Талай Дүйшембиевті босатып, оған және басқа да БАҚ өкілдеріне қарсы тағылған негізсіз айыптарды алып тастауы тиіс. Олар сөз бостандығы құқықтарын бұзады", - деді HRW ұйымының Орталық Азиядағы зерттеушісі Сыйнат Сұлтаналиева.

3 наурызда Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Next TV телеарнасына ұлтаралық араздық тудырды деген айыппен іс қозғады. Тергеу нұсқасы бойынша, телеарна "Қырғызстан Ресейге әскери көмек беруге келісті" делінген жалған мәлімет таратқан.

Телеарна директоры Талай Дүйшембиев ұсталған. Оған ұлтаралық араздық туғызды деген айып тағылған. 5 наурызда сот оны екі ай қамауда ұстау жөнінде шешім шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG