Accessibility links

Белсенді Ғани Стамбек Сабуровқа: Нұрлан бауырым, украиналық белсендіні неге қорладың?


Белсенді Ғани Стамбек Сабуровқа: Нұрлан бауырым, украиналық белсендіні неге қорладың?
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:52 0:00

"Нұрлан бауырым, украин белсендісін неге қорладың?" Ресейдегі қазақ стендапер Нұрлан Сабуровтың 17 сәуірде Нью-Йоркте өтіп жатқан концерті кезінде Free Kazakhs құқық қорғау ұйымының жетекшісі Ғани Стамбек сұрақ қойды. Бірер күн бұрын әртістің Сан-Францискодағы концерті кезінде көйлегіне қызыл бояу жағылған украин әйелі сахнаға шығып, перфоманс жасаған. Ол қызыл бояуды Украинадағы соғыс құрбандарының төгілген қаны деп түсіндірген.  Күзетшілер әйелді сахнадан күштеп қуа бастады. Ал Сабуров қызыл бояу туралы "Бұл етеккір ме? Не болып жатыр?" деп әзілдеген. Бұл сөзі үшін әртіс көптің сынына қалды. Ғани Стамбек Сабуровтан "Неге украин белсендісін қорладың?" деп сұраған. Видеоға қарағанда, стендапер сұраққа жауап бермеген. Бірнеше күзетші Стамбектің қолын қайырып, залдан шығарып жіберді. Белсендінің Азаттыққа айтуынша, сөйлетпеу үшін күзетшілер қолымен оның аузын басқан. Денесінде жырылған іздер бар. Бұған дейін Лос-Анжелестегі концерті кезінде көрерменнің бірі Сабуровтан Украинадағы соғыс туралы неге үнсіз отырғанын сұрап еді. Стендапер "соғыс туралы айтуға именемін" деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG