Өзбекстан сыртқы істер министрлігі 4 мамырда ауған-өзбек шекарасында атыс болды деген әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.
"Желілерде жарияланған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Шекарада жағдай тұрақты. Күзет штатты режимде жұмыс істеп тұр",- делінген мәлімдемеде.
Осыған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған материалда, атыс салдарынан өзбек шекарашылары қайтыс болды деген ақпарат тараған.
Өзбекстан СІМ-нің айтуынша, "Талибан" баспасөз хатшысы Забихулла Муджахед те атыс туралы ақпаратты терістеген.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ
ПІКІРЛЕР