Accessibility links

Франция сайлауында президент коалициясы көпшілік мандат ала алмады


Франция ұлттық ассамблеясына жексенбіде өткен сайлауда президенттің "Біргеміз" коалициясы көпшілік орыннан айырылды. "Мұны сайлаудың қазірге дейінгі қорытындысы көрсетіп отыр" деп жазады Le Figaro газеті.

Эммануэль Макронды қолдаушылар 237 мандат иеленген, көпшілікке айналу үшін 289 орын алуға тиіс. Жан-Люк Меланшон бастаған солшыл партиялардың коалициясы 130 орынмен екінші орынға шыққан.

Марин Ле Пеннің "Ұлттық бірлігі" сайлауға дейінгі көрсеткішін он есе өсіріп, 89 орынмен үшінші орын алған. Бұл партия 1986 жылы ғана 35 мандатқа ие болған еді.

.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG