Accessibility links

Ресейдің Белгород қаласында бірнеше жарылыстан ондаған тұрғын үй қирады


Көрнекі сурет.

3 шілдеге қараған түні Ресейдің Белгород қаласында бірнеше жарылыс болып, ондаған тұрғын үй қирады. Кемінде үш адам қаза болып, төрт адам жараланды. Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков түнде қалада "қатты жарылыс" естілгенін хабарлады.

"Оқиғаның себебі анықталып жатыр, әуе шабуылынан қорғайтын жүйе іске қосылған сияқты" деп жазды ол Телеграм-арнасында.

Әзірге толық емес ақпаратқа қарағанда, көп қабатты 11 тұрғын үй, кемінде 39 жеке үй бүлінген. Бесеуі толық қираған. Екі адам ауруханаға жеткізілген: 10 жастағы бала мен ер адамның жағдайы ауыр деп айтылады.

Baza телеграм-арнасының жазуынша, құтқарушылар жеке үйлерді аршыған кезде екі адамның мәйітін тапқан. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталмады.

Ресей Украинаға басып кіргелі бері Украина шекарасына жақын аудандарда "сары" деңгейдегі террористік қауіп режимі іске қосылған. Брянск, Белгород, Курс облыстарының билігі осыған дейін Украина жағынан атқылаулар болды деп мәлімдеген. Олардың айтуынша, адам шығыны болған, үйлер қираған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG